∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Мұсаұлы Әшірмат – 1939 жылы Ташкент ұлысы жоғары Шыршық ауданы Ащысай елдімекенінде дүниеге келген. Ақын. Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы, Жоғарғы Шыршық ауданы, Ащысай ауылының тұрғыны (1983 жыл).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сәрсенқызы Мүкаррам – Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтының студенті (1983 жыл).
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ташкент облысы, Жоғарғы Шыршық ауданы, Ащысай ауылында жазылған. 1983 жыл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.920/75 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.29; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жыр қысқа-нұсқа айтылған. Жаңа түскен келінге әдеп, әдет, салт-дәстүрдің сақталуы тиістігі айтылған. Тұрмыста кездесетін кейбір қиындықтардың да өткінші болатындығын жеткізіп, қосылған жары өзінің теңі екенін айтып, ел-жұртқа сәлем салғызады.
13. Басы:
Келін, келін, келіңіз, Күтуде сізді еліміз.
14. Соңы:
Құрметіне жұртыңның, Иіліп сәлем беріңіз!
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов