∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Құлпыбаев Ерғожа – ақын, жырау. 1908 жылы Қарақалпақ АССР, Мойнақ ауданы, «Үшсай» ауылдық кеңесiнде дүниеге келген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ.Саттаров, Қ.Құлпыбаева.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қызылорда облысы Арал теңізінің жағасындағы Мойнақ ауылында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.920/32 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.8; П.8; Ж.152; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Жырдың басында беташарды орындаушы жаңа түскен келінге бірінші өсиет айтады. Бұл беташар жырдың басқа беташар жырдан ерекшелігі сәлем салынатын жандардың есімдері аталған. Сондай-ақ сол жандарды сипаттауда орындаушы олардың жеке қасиеттерін қалжыңмен, әжуалап берген.
13. Басы:
Ал, ағайын, ағайын, Бір кәдеге жарайын.
14. Соңы:
Сұңғат деген құрдасың, Оған да берің бір сәлем!
15. Қосымша мәлімет
ӘӨИ-дің қолжазбалар қорындағы 480-бумада сақтаулы 2740 жолдан тұратын «Барақ батыр» атты жырдың қолжазбасын 1961-1962 жылғы экспедиция мүшелерi – Балташ Ысқақов пен Талиға Бекқожина аталған жыраудың өз қолынан алған. Ерғожа жырау өз қолжазбасының алғысөзiнде Барақ батыр әңгiмесiн ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында өлең өрнегiне түсiрген Қумолда деген ақын екенiн, бiрақ ол жырды уақытында жазып алмай, кейiн елдiң көмегiмен қалпына келтiруге тырысып, Ұлы Отан соғысының (1941-1945) алдында құрастырған жыры соғыс кезiнде өз балаларының әркiмдерге таратып беруiне байланысты жоғалып кеткендiгiн, ғалымдарға табыс еткен қолжазба өзiнiң екiншi талпынысының нәтижесi екенiн, өз ойынша өзi қалпына келтiрген нұсқа Қумолда ақынның нұсқасымен сәйкес келетiнiн бiлдiредi.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов