∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1936-2011) – фольклортанушы, зерттеуші, халық мұрасын жинаушы ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінен, Өзбекстан аумағындағы қазақтар арасынан халық мұрасын жинауды ұйымдастырған, оларды жүйелеп, бастырып таратқан, ел ішіне насихаттаған. Қ.Саттаров Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстанның Ташкент өңіріне бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларды басқарды. Ел арасынан жинаған халық әдебиеті үлгілерінің 200 жинақтан тұратын топтамасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.920/135
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П.4; Ж.18; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Жыр кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташар жырда бірінші келінге ақылын айтып, міндеттерін санамалап береді. Келінге тән жақсы қасиеттерді тізіп өтеді. Кейін ретімен қайын атасы, енесі, қайын ағасы, абысындары, құрдастары, қайын сіңлілеріне, қайныларына сәлем салғызады. Тек соңынан тұтас ел-жұртты атайды. Жыр соңында келін өз теңін тауып келгендігі туралы айтылады.
13. Басы:
Келіп тұрған келінге Өлеңмен шашу шашайын.
14. Соңы:
Теңін тауып қостым деп, Қолаң шашты қызымды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов