«ЭПОС - Діни дастан» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал /سەيىتباتتال
Қолжазбаның жанры
Діни дастан.
Қысқаша мазмұны
Дастанда Пайғамбар әулетінен шыққан Сейітбатталдың дін жолындағы ерліктері баяндалады. Қалаға жасырын кірген Сейіт зындандағы мұсылмандарды босатады. Сейітбаттал жетпіс екі мұсылманмен бірге түнде кәпірлерге шабуыл жасайды. Оның отырған үйі нұрға бөленгенін көрген Қасым кешірім сұрайды, ал патша қала халқын ислам дініне енгізеді.
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал / سەيىتباتتال
Қолжазбаның жанры
Діни дастан.
Қысқаша мазмұны
Дін жолындағы соғыста кәпірлер Сейітбатталдың бес жасар ұлын ұрлап әкетіп, тәрбиелеп, кейін әкесіне қарсы соғысқа салады. Олар қолға түскен мұсылмандарды зынданға қамайды. Қалаға жасырын кірген Сейіт тұтқындарды босатып, ал Сейітбаттал жетпіс екі мұсылманмен бірге түнде кәпірлерге шабуыл жасайды. Оның ерлігін көрген Қасым кешірім сұрап, исламды қабылдайды. Қайылдыр патша да мұсылман болып, қала халқын исламға енгізеді.
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал қиссасы /سەيىتباتتال قىسساسى
Қолжазбаның жанры
Діни дастан.
Қысқаша мазмұны
Дастанда дін үшін болған сұрапыл соғыс суреттеледі.
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал қазы/ سەيىتباتتال قازى
Қолжазбаның жанры
Діни дастан.
Қысқаша мазмұны
Дастанның басты қаһарманы – Сейітбаттал. Ол – әскер басы, дінді уағыздаушы батыр. Ол көп уақыт бойы ислам дінін басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейітбаттал – Ғалидың ұлы Құсайыннан тараған ұрпақ. Солардың ісін, жорығын жалғастырушы. Дастан он бір буынды қара өлең үлгісіне құралған.
Қолжазбаның атауы
Сейітбаттал
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Дастанның басты қаһарманы – Сейітбаттал. Ол – әскербасы, дінді уағыздаушы батыр, көп уақыт бойы Ислам дінін басқа халықтарға таратуға күш салады. Сейітбатгал – Ғалидың ұлы Құсайыннан тараған ұрпақ. Солардың ісін, жорығын жалғастырушы.
Қолжазбаның атауы
Қисса Салсал мен Ғалидың соғысы
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл дастанда Мұхаммед пайғамбар заманында дін үшін болып өткен сұрапыл соғыстар, Жамшит патшаның батырларының күресі, оның басқа патшалардан көмек сұрауы, ең соңында Салсалдың балаларымен мұсылман дініне кіруі баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Салсал
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Жәмшид патшаның шаһарына Баба Омар бірде поп, бірде жас бала боп келеді, патшаның сақалын күзеп, айласын асырады. Жәмшид соғыс ашады. Жәмшид Шахабат сиқыршыны көмекке шақыртады. Шахабат үшкіргенде Ғалидің екі көзі соқыр болады, құба жонды су қылады. Ғали Зұлпықармен Шахабатты екі бөледі. Жәмшид патша Кахмасқа қашады. Тоқсан ұлы бар Салсал патшаны көмекке шақырады. Салсалдың ұлы Қарапия мұсылман дініне кіреді. Жекпе-жекте Салсал өз ұлын өлтіреді. Ғали мен Салсал бір-бірін жеңе алмай күн батады. Ертесіне ортадан бір сызық белгі қойып тартысады. Сызықтан шығарса, өз дініне кіргізетін боп келіседі. Жеті күн күреседі, бір-бірін ала алмайды. Салсалдың айтуымен Салсал, Шамама, Ғали, Омар төртеуі алтын шаһарды іздеп шығады. Ғали ғана сарайға жетеді. Сарай ішінде ақсақалды бір шал Ғалиге сәлем береді. Екі жүз елу жыл күтіп отырған шал мұсылман боп өледі. Ғали от шығып тұрған тасқа қылыш шабады, тастан бір дәу шығады.
Қолжазбаның атауы
Расулдың ұлы атасы Ғабдумүтәліптің опат болғаны
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл дастан Расулының ұлы атасы Ғабдумүтәліптің қартайып, өлер алдында балалары: Лаһап, Қамза, Ғаббас, Әбутәліпті шақыртьш, олармен қоштасуы, кіші баласы Мұхаммедтің тәрбиесін Әбутәліпке тапсыруы. Әбутәліптің Мұхаммедті жақсы тәрбиелеуі, өсіруі, оның парасатты, дана жігіт болып өсуі баяндалады.