∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Қисса Зарқұм / قىسسا زارقۇم
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Қисса Зарқұм / قىسسا زارقۇم
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Болатов Мәди.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1966 жылы Жезқазған қаласында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
883, 7-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1–81; Ж. 25; 17,4×21; 16,7×10,8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптерге күлгін түсті сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Қиссада Зарқұм патша мен Мұхаммед пайғамбар арасындағы діни соғыс, Ғали арыстанның яһуд батыры Жанәбілмен жекпе-жегі және Жанәбілдің исламды қабылдап, әкесіне қарсы соғысқаны баяндалады.
13. Басы:
Табылар сөйлесе сөз…
14. Соңы:
Кеше енді үлкен имам көрген адам.
15. Қосымша мәлімет
Басқа бумада сақталған «Зарқұм» дастанымен мазмұны ұқсас.