∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Діни қисса /دىنى قىسسا

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Діни қисса /دىنى قىسسا
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Т.Сыдықов. 1925 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1870 жылы жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Қ.193
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1-51; Ж.16 17х10,5; 14х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазбаның ақ қағазбен тысталған. Мәтіні сарғыш қағазға қоңыр сиямен жазылған. 26-27-беттегі өлең жолдары өше бастаған, 28-беті жыртылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Мұртаза Жолақұлы жинаған «Діни қиссалар» дін, имандылық, Ислам туралы жазылған. Діни қиссалардың бас жағы өсиет пен қанатты сөздер үлгісінде жазылған. Онда жастарға өнеге, ғибрат боларлық: «Ынсаният табылмас таласқанмен, Болмайды түзу біреу адасқанмен», – деген сияқты нақыл сөздер айтылады. Сондай-ақ: «Бірінші топтан таңдап бір жүйрік мін, Екінші топтан таңдап бір қылыш ал, үшінші топтан таңдап бір сұлу ал», – дегендей бозбала жастарға қаратып өсиеттер жазылған. Ары қарай Исламның шығуы мен Мұхаммед пайғамбар өмірі, имандылық, мұсылманшылық пен кәпірлік жайлы сөз болады. Адам Ата мен Хауа Ананың Әзірейіл жолдан тайдырып, күнә жасағандары туралы айтылады.
13. Басы:
Адам дәулет…
14. Соңы:
Рахат қума ала аламын көп деп.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев