∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шахий-Зархун дастаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шахий-Зархун дастаны
3. Авторы (Айтушы)
Жақып Құтманұлы. 1883 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қ. Саттаров.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылғы Қ. Саттаров ұйымдастырған фольклорлық экспедиция.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/69
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 102–117; Ж. 36; 20×30; 13×24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ түсті кеңсе қағазына жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Қиссада Зарқұм патша мен Мұхаммед пайғамбар арасындағы діни соғыс, Ғали арыстанның яһуд батыры Жанәбілмен жекпе-жегі және Жанәбілдің исламды қабылдап, әкесіне қарсы соғысқаны баяндалады. Мұсылмандардың аз болса да, Аллаға сенімінің арқасында жеңіске жетуі дәріптелген шығарма ұйқасты өлеңмен жазылған.
13. Басы:
Кереміз өлі-ақ бір күн ол дүниені…
14. Соңы:
Сұңқардай өзі шалқақ кең көрікті.
15. Қосымша мәлімет
Зарқұм дастанымен мазмұны бірдей.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Асқар Тұрғанбаев