∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Зарқұм / زارقۇم
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Зарқұм / زارقۇم
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кенжеғали Есжанов.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
806, 7-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 59; Б. 117; Ж. 23; 15×20,5; 10×18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ақ ватман қағазбен тысталып, папкаға салынған. 2,3,4,24,26-беттеріне сия тамған. 6-бетте жанама жазулар бар.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде.
11. Жанры
Діни дастан.
12. Қысқаша мазмұны
Қиссада яһуд патшасы Зарқұм мен Мұхаммед пайғамбардың арасында болған діни соғыс баяндалады. Майданда Пайғамбарымыздың күйеу баласы Ғали арыстанның жекпе-жекке шығу көрінісі баса баяндалады. Мұнда Ғалидың яһуд батыры Жанәбілмен жекпе-жекке шығып, кейіннен Жанәбілдің Ислам дінін қабылдап, өз әкесіне қарсы соғысады. Дастанда мұсылмандардың аз болуы, бірақ олардың Аллаға сенімінің арқасында жеңіске жетуі Исламның жетістігі екені айқын көрсетіледі.