Қиссада яһуд патшасы Зарқұм мен Мұхаммед пайғамбардың арасында болған діни соғыс баяндалады. Майданда Пайғамбарымыздың күйеу баласы Ғали арыстанның жекпе-жекке шығу көрінісі баса баяндалады. Мұнда Ғалидың яһуд батыры Жанәбілмен жекпе-жекке шығып, кейіннен Жанәбілдің Ислам дінін қабылдап, өз әкесіне қарсы соғысады. Дастанда мұсылмандардың аз болуы, бірақ олардың Аллаға сенімінің арқасында жеңіске жетуі Исламның жетістігі екені айқын көрсетіледі. Қисса мазмұны діни мағынаны қамтиды. Негізінде шебер ұйқасқан өлең жолдарымен жазылған.