∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Тарихи аңыз» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сырымның аманаты
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Әшім деген адам байдың баласыменен қорық жерге таласып, бай баласының басын жарады. Бай Әшімді ұстатып, Текеге айдатып жібереді. Іс губернатордың қолына түседі. Сонда Сырымның он жеті жасар Қазы деген баласы Әшімнің әкесінен бір түйе, бір тоқты алып, губернаторға жолға шығып, губернаторды сөзден жығып, байбақты Әшімді айдауға кеткелі тұрған жерінен қамаудан босатып алады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның айтқаны
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Ресейге қосылу үшін өзбек, түрікпен, қалмақ үшеуі орыс патшасына адам жіберіп, олардан «Әмударияны сат» деген жауап алады. Сонда Кіші жүздегі Даттың ұлының тапқырлығымен Әмударияны сатып ала алмағаны айтылады.
Қолжазбаның атауы
Сырымның жерге айтқаны
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым бір күні анасынан өзінің кімнен туғанын біле алмай дал болып, нақты дерегін білмек болып, мән-жайды сұрайды, анасы ол кезде аяғы ауыр, жерік болып тұрған кезі екен. Елдің бір жылғы көштегі көрген ауыр қиыншылығы мен сол қиын-қыстау кезден елді аман алып қалған, барды аузына қаратқан, көреген, парасатты адамды, және мына ішімдегі бала осы адамнан да асып туса деген арман-тілегінен дүниеге келгенін баяндап береді.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен Саржала би
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Ханға қарсы көтерілістің алдында Алдар би Сырымға Саржала биге жолығуын айтады. Бірақ Сырым мен Саржала би Даттың моласының себебінен болған араздықтан кейін аралары дұрыс емес еді. Сонда да Саржала биге бар жағдайын айтқан соң, би екі жылдан соң құрал-сайман, әскер береді.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен Перовский
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Сырым батырдың Текенің губернаторларымен арасындағы достығы, сонымен бірге сол бір жылдардағы қысылтаяң жағдайда Сырымның артында қалған ел-жұрты, қатын, бала-шағасын оларға сеніп тапсырып кеткен оқиғасы баяндалады.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен Мөңке би
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Сырым батырдың сексенге келген Мөңке биден бата сұрамаққа барып, берген батасына алғашында көңілі толмай, кейіннен барып түсінгені сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Сырым мен ишан
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Бірде Сырым батыр Бұхарға келеді. Сол күні молдалар мешітте жұма намаз оқып жатыр екен. Дәл сол кезде жұма намаздың уақытына тура келіп қалыпты. Сонда сол жердегі бір молда сахараның еркін өскен қазағына жұма намазына кіруін сұрайды. Алайда намаздың ережелерін білмеген Сырым сол жерде күлкілі жағдайға тап болып, әлгі молда ишаннан таяқ жейді.
Қолжазбаның атауы
Сырым батырдың ханды шабуы
Қолжазбаның жанры
Тарихи аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда атасы Әбілқайыр өлген орнына Нұралының хан болуы, ханнан туған отыз ұлдың әрқайсысы әр түрлі болады. Солардың ішіндегі кейбір сотқар, ел бүлдіргіштерінің себебінен Сырым батыр ашуға булығып, қол жинап, Нұралы ханға қарсы аттанбақ болуы, мұны естіген ханның Уфа шаһарына қашып барып, сол жерді паналауы, содан оралмаған ханның орнына Сырымның хан болуы, ел үшін игі жұмыстар істеген батырдың кейбір істері патшаға жақпай, зынданға салынуы, кейін сол түрмеде өз қолымен у ішіп, өлуі жайында баяндалады.