Бірде Наурызбай батырдан бес қаруды түгел меңгерген-меңгермегенін сұрайды. Сонда ол көз ілеспес шапшаңдықпен ұшып бара жатқан бозторғайды садақпен атып, жерге түсерде найзамен түйреп, қылышпен шауып, соңынан қамшымен тартып өтіп, бес қаруды бірдей қолдана алатынын көрсетеді. Аңызда оның бала күнінен-ақ ерекше епті болғаны айтылады. Сондай-ақ Наурызбай Құсмұрын бекінісіне бірнеше рет шабуыл жасап, ақыры оны басып алып, орыс әскерін шегіндіргені баяндалады. Осы оқиғаға байланысты бұл жер кейін «Шодыр сайы» аталған.