Жәңгір ханның Шомбал деген биі болады. Осы Шомбал би Әбілқайыр ханның заманында, қазақтан салдат алынбайтын кездерде Хиуа-Бұқардан қашып, Ойыл-Қиыл, Жем, Сағыздан өтіп, қазақ ішіне келіп, Әбілқайыр ханды паналап, күн көріп өсіп-өнеді екен. Аңызда Осы Шомбал би мен Қызылғұрт Жантөре бидің арасындағы сөз тапқырлығы, Қырылғұрт Жантөренің Шомбалға риза болғаны айтылады.