∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мұхтар мен Қайырлы би

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мұхтар мен Қайырлы би
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1010
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.26. 29х20; 23х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкад басылған. Қағаздар ақ жіппен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Сырым батырдың ұрпағы Мұхтар Орта жүзде ме, әлде кіші жүздің бір шетінде әкім болып тұрады. Осы Мұхтарды тәкаппар, елге сүйкімсіз дегенді естіп, Қайырлы би арнайы іздеп барады. Қайырлы биді дұрыс қарсы алмаған Мұхтарға ата-бабасының жайын түсіндіріп бергенде қателігіне мойынсал болып, Қайырлы биді қонақ қылып шығарып салған екен.
13. Басы:
Сырым батырдың ұрпағы Мұхтар Орта жүзде ме, әлде Кіші жүздің бір шетінде әкім болып тұрады.
14. Соңы:
Қайырлы бірнеше күн жатып Мұхтарға ақыл айтып, содан кейін Мұхтар түзеліп, дұрыс ел билеген әкім болыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова