∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Махамбет пен Жәңгір хан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Махамбет пен Жәңгір хан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1154
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкада басылған. Қағаздар ақ жіппен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда алғашқы Исатай-Махамбет төремен тату кездерінде Махамбет пен Баймағамбетті сөзден жыға алмай жүруі, ханның қай билері болмасын бұлардың алдында қайбыртып сөйлей алмайтын болып қалуы, сондай күндердің бірінде Жәңгір ханның қайынатасы Қарауылқожаның Жәңгірді Исатай-Махамбетке қайрап салуы, содан арада соз дауы туып, бәрібірде сөзден жеңіліп жер шұқып қалғандары жайлы сөз болады.
13. Басы:
Жәңгірдің алғашқы Исатай-Махамбет төремен тату кездерінде Махамбет пенен Бекмағамбетті сөзден жыға алмай жүреді, ханның қай билері болмасын бұлардың алдында қайбыртып сөйлей алмайтын болады.
14. Соңы:
Жәңгір, Қарауылқожа, Шомбал би бәрі жер шұқып отырып қалады.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова