∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Менің губернаторда жұмысым жоқ

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Менің губернаторда жұмысым жоқ
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
8. Бет, жол саны, өлшемі
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда қазақ шекарасына қала салмақ болған патша үкіметінің ісіне Сырым батыр қарсы болып, салған үйлерін шетінен өртеп жібереді. Батырдың қарсылығын басу үшін патша үкітемі Ғұбайдулла, Фатихулин және Әбілпейіз деген молдалар арқылы неше түрлі сыйлықтар жіберіп көңілін ауламақшы болады. Алайда батыр бұған да иіле қоймайды.
13. Басы:
Сырым батыр Руссия мен қазақ шекарасына, қазақ жеріне қала салуына қарсы болады…
14. Соңы:
«Адамның баласы болса, болар» дегені, «Құдайдың баласы болмаса, оны бірдеме етерміз, түбіне жетерміз» дегені екен патшаның.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова