∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
قالقامان–مامىر / Қалқаман – Мамыр
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қалқаман Мамырды сүйеді. Екеуі сөз байласып қашады. Әнет бастаған ел ақсақалдары жиналып, малмен бітіспек болғанымен қыз ағасы Көкенай көнбейді. Қалқаман Көкенайдың оғынан жараланып, аман қалады. Бірақ еліне өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Басталуы мен аяқталуында жыршының өзінше қосқан шумақтары бар.
Қолжазбаның атауы
Қалқаман – Мамыр
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қалқаман мен Мамыр бірін-бірі сүйіп қосылады. Бірак төркіндей келген Мамыр қатыгез туысы Көкенайдың қолынан қапыда қаза табады.
Қолжазбаның атауы
Қалқаман – Мамыр
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Бұл жырдың мазмұны Нөкербекұлынын нұсқасына ұқсас. Өзіндік өзгешеліктері де жоқ емес. Кейбір жеке, сөйлем айырмашылықтарымен қатар, жинаушының өз тарапынан қосылған шумақтар кездеседі. Мысалы, қолжазбаның алдынан 14 жол, соңына 4 жол өлең қосылған.
Қолжазбаның атауы
Айман, Шолпан
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Жырда тама руының белгілі байы Маман мен шекті руының атақты батыры Көтібар арасындағы тартыс, дау-жанжалдар суреттеледі. Ақырында кектенген Көтібар Маманды шауып, екі қызын тұтқынға алады. Айманның ақылы мен айласының арқасында екі қыз да тұтқыннан босап шығады.
Қолжазбаның атауы
Қалқаман мен Мамыр жыры
Қолжазбаның жанры
ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қалқаман мен Мамыр сүйіп қосылады. Бірақ Мамыр қапыда қаза табады.
Қолжазбаның атауы
Тоқымбет
Қолжазбаның жанры
ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Тоқымбеттің махаббат жолындағы ерлік күресі баяндалады. Бас жағында Тоқымбеттің әкесі мен шешесі туралы мәлімет беріледі, соңында Тоқымбет туралы қысқаша эпилог жазылған.
Қолжазбаның атауы
Ер Тоқымбет
Қолжазбаның жанры
ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Тоқымбет пен Гүләйімнің қашып шығып, Әйеке байға келіп, паналаған жерінен тоқталады.
Қолжазбаның атауы
Ер Тоқымбет туралы
Қолжазбаның жанры
ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Тоқымбет жасында әкесі өліп, шешесі мен екеуі байлардың малшысы болып күнелтеді. Жігерлі өскен Тоқымбет нағашысы Әлімді іздеп тауып, шешесін сонда қалдырады. Өзі батыр, мерген, әнші жігіт жүйрік ат сатып алып, ел аралап кетеді. Тоқымбет Қаратау бойында бір үлкен тойға кездеседі. Осы тойдағы жүлдені Тоқымбет жеңіп алады. Ол бір байдың Гүләйім атты қызына ғашың болып, нағашысы Әлімге келіп паналайды. Осыған байланысты ел арасында үлкен дау басталады. Тоқымбет қуғыншылардың қолына үш түсіп, өзінің батырлығы мен тапқырлығы арқасында құтылып, Гүләйіммен екеуі Бағаналы Ерден батырға келіп, басынан өткен бар оқиғаны баян етеді. Аға сұлтан Ерден батыр бұларды қарсы алып, жұртты жинап, үлкен той-думан жасап, бастарына отау тігіп, ел қатарына қосады. Сөйтіп екі жас мақсатына жетеді.