∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قوزى كورپەش / Қозы Көрпеш

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قوزى كورپەش / Қозы Көрпеш
3. Авторы (Айтушы)
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Әлкей Марғұлан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1905 жылы Жетісу жерінде қағазға түсірілген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
24, Мф (микрофильм)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 80 ; Ж. 25; 21X29,5; 11X24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сары түсті кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
Қарабай мен Сарыбайдың ауылы Қарағаш деген жерде тұрады. Қарабай өлгесін Сарыбай Әлжаппар деген құлын жіберіп, жаңа қоныс іздетеді. Сарыбайдың Аягөзге ауған жолы Кошот деп аталған. Қозы еліне келіп қырық бие байлатып, күң болып жүрген шешесін қымызбен шомылдырады, Мамабике тағына қайта отырады. Баянды көріп үлкен той жасайды. Баян екі ұл туады. Жидебайды өлтірмейді, қайтадан құл етеді. Айбасқа әйел алып береді.
13. Басы:
Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды.
14. Соңы:
Бар болса қалған жері мидан қашып.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның бірінші бетінде Әлкей Марғұланның қолымен арабша жазылған «Мәшһүрдің өз қолтаңбасы»… Радлов, «Мәшһүр» деген жазулар бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек