∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

قوزى كورپەش – بايان سۇلۋ / Қозы Көрпеш – Баян сұлу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
قوزى كورپەش – بايان سۇلۋ / Қозы Көрпеш – Баян сұлу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А. Фролов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1841 жылы. жазылған. Институт қорына 1951 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
25 Фк (фотокөшірме)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 44; Ж. 12; 18X23,5; 8X15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына қара сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық жыр
12. Қысқаша мазмұны
А. Фролов нұсқасының мазмұны да, турі де И.Н. Березиннін «Турецкая хрестоматиясындағы» (собр. И.Н. Березинным, ч. III. Казань, 1876) нұсқадай болып келеді. Бұл текстің айырмасы тек И.Н. Березиндегі 1-2 4 ; 73-120, 137-183, 221-280 жолдар осы нұсқада жоқ.
13. Басы:
Мекен іздеп ,жігіттер, кел, кетелік.
14. Соңы:
Ақыр соңы Қозыкеме тие берсін.
15. Қосымша мәлімет
Қолжазбаның ішкі бетінде: «Собрания со слов киргизских, переписывал талмач Аягузского внешнего окружного приказа, 1841» деп жазылған сөз бар. Қолжазбаны 1951 жылы СССР Ғылым академиясы Шығыстану институтының қорынан Ы. Дүйсенбаев іздестіріп тапқан. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорына қолжазбаның фотокөшірмесі әкелінген.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек