Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде қыз бірінші анасына өкпесін білдіреді. Көп сыңсудың жолдарынан қыздың әкесі малға сатқанын білек, бұл сыңсуда қыздың жастай, өзі қаламаған жанға ұзатылуына анасының көбірек ықпалы бар екенін аңғарамыз. Өзге сыңсуларға қарағанда тағы бір ерекшелігі ¬– қыз бауырларының атын атап тұрып қоштасады. Сондай-ақ, әжесіне де қаратып, тілегін білдіреді. Жастай кетіп бара жатқан тағдырына налып, Құдайға да өкпесін айтады. Өзі қайғырып тұрып, әкесінің жайын ойлайтынын да білдіреді. Осы сыңсудағы тағы бір ерекшелік өзбек сөзі де кездеседі. «Дәде» деп әкесіне қарата айтады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсуда қыз қазақ танымындағы отбасы институтының әрбір өкілінің аты аталады. Қыздың қарата айтқан сөздерінен олардың отбасындағы орны, рөлі анық аңғарылады. Қыз әуелі әкесіне өкпесін білдіреді. Өз қалауымен емес, мата құрлы көрмей, жастай малға сатып, ұзатқалы тұрғанына өкпесін айтады. Анасының да көңіліне қарамай, жайын да сұрамай беріп жібергенін айтады. Таңдағанына емес, мал беріп әкетіп бара жатқанын, сондай күйде босаға аттаса, анасының берген ақ сүтін ақтай аларына да күмәнданады. Үй ішіне, ең аяғы сырлас, мұңдас болған жеңгесінің де үйден өзі шығарып салғанын, оның жұбату сөзінің еш мәнінің жоқ екендігін білдіреді. Бауыры мен сіңлісіне айтқан сөзінен ертеректе қыз бала ұзатылған соң жыл толмай, төркінін көре алмайтыны байқалады. Қыз осы жайдың бәрін тізіп келіп, соңғы шумағында өзінің тірідей өлгенін айтады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде қыз өзін ата-анасы малға сатып, қаламаған жерге ұзатылып бара жатқанын айтады. Сыңсу мазмұны қыздың басында теңдік жоқ екенін анық аңғартып тұр. Ұзатылғалы тұрған ащы зары, өкпесі, назы да айқын аңғарылады. Қыз барған жұртында ел айтатындай ата-енесінің өз әке-шешесіндей бола алмайтынын да жеткізген. Өзі қаламаған жігітке ұзатылып бара жатқанына апасының қатысы бар екенін де қоса айтқан. Тағдырына деген бар өкпе-ренішін жайып салған қыз сыңсу соңында туып өскен топырағымен, өскен жұртымен, бауырларымен қимай қош айтысады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда ұзатылғалы тұрған қыз өзі арқалап өсірген інісімен, ағасымен қоштасып, жеңгесін оған табыстап, өзінің ұзаққа кетіп бара жатқанын айтады. Бауырларымен қош айтысқан қыз өзі еркелеп өскен ел-жұртымен де қоштасады. «Қарасам көзім талады-ау» деп сағынатынын да білдіреді. Сыңсудың соңғы шумағында ел-жұртынан ұзап кеткен соң, есейіп, санасы толысарын да айтады.
Қолжазбаның атауы
Тойда айтылатын өлең
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Жергілікті Орынбор қазақтары айтатын тойбастар. Қара өлең ұйқасына құрылған мәтіннің көркемдігі жоғары. «Отырмын балалықтан, Қайынатам берді ме екен ұлықсатын» деген қазақтың салт-дәстүрін білдіретін сөздер кездеседі.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Бұл «тойбастар» мәтіні ұзатылар қызға емес, керісінше келіннің «қадамына құтты болсын» айтып, жақсы тілек арнаудан басталады. Өлең бірыңғай ұйқаспен айтылмайды, ой толқынына қарай қажет жерінде үндесіп отырады. Мәтін 7-8 буынды тармақтардан басталып, 10-11 буынды жолдармен жалғасады. Ерікті ұйқасқа құрылған.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Мәтін төрт, алты, сегіз тармақты жолдардан құралған. Өлең жолдары белгілі бір тәртіппен жүйелі орналасқан, ұйқастары да берік сақталған. Өлеңнің дыбыс құрылыстары, әуезділік бәрі де жымдаса өрілген. Он бір буынды қара өлең ұйқасымен айтылады.
Қолжазбаның атауы
Тойбастар
Қолжазбаның жанры
тойбастар
Қысқаша мазмұны
Өлең жолдары ерікті ұйқасқа құрылғандықтан, белгілі бір өлшем сақталмаған. Мәтіннің көркемдік сапасы, ритмдік жымдасуы аса қиыспайды. Дегенмен халқымыздың үйлену салтына қатысты телегей-теңіз деректерін баяндайтын өлеңде ұлттық, тағылымдық дүниелер кеңірек айтылады. Құрылымы 7, 10, 11, 12 буынды құрама тармақтардан тұрады.