Мәтінде қыз өзін ата-анасы малға сатып, қаламаған жерге ұзатылып бара жатқанын айтады. Сыңсу мазмұны қыздың басында теңдік жоқ екенін анық аңғартып тұр. Ұзатылғалы тұрған ащы зары, өкпесі, назы да айқын аңғарылады. Қыз барған жұртында ел айтатындай ата-енесінің өз әке-шешесіндей бола алмайтынын да жеткізген. Өзі қаламаған жігітке ұзатылып бара жатқанына апасының қатысы бар екенін де қоса айтқан. Тағдырына деген бар өкпе-ренішін жайып салған қыз сыңсу соңында туып өскен топырағымен, өскен жұртымен, бауырларымен қимай қош айтысады.