∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тойда айтылатын өлең

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тойда айтылатын өлең
3. Авторы (Айтушы)
Қаншайым Сейілханова
4. Жинаушы, тапсырушы:
Талиға Бекхожина
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1965 жылы 12 тамызда Қостанай-Орынбор экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
625
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 16. 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға терілген.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
тойбастар
12. Қысқаша мазмұны
Жергілікті Орынбор қазақтары айтатын тойбастар. Қара өлең ұйқасына құрылған мәтіннің көркемдігі жоғары. «Отырмын балалықтан, Қайынатам берді ме екен ұлықсатын» деген қазақтың салт-дәстүрін білдіретін сөздер кездеседі.
13. Басы:
Өлеңді баста десе бастағандай
14. Соңы:
Толмайды отыз беске тақымым-ай
15. Қосымша мәлімет
Қолжазба желімделген, қағаздары ескірген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова