∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Тілеумағамбетова Жаңыл, Демеуова Нағипа
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1950 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Ойыл ауданында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
910/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П. 3; Ж. 53 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін машинкамен терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Мәтінде қыз бірінші анасына өкпесін білдіреді. Көп сыңсудың жолдарынан қыздың әкесі малға сатқанын білек, бұл сыңсуда қыздың жастай, өзі қаламаған жанға ұзатылуына анасының көбірек ықпалы бар екенін аңғарамыз. Өзге сыңсуларға қарағанда тағы бір ерекшелігі ¬– қыз бауырларының атын атап тұрып қоштасады. Сондай-ақ, әжесіне де қаратып, тілегін білдіреді. Жастай кетіп бара жатқан тағдырына налып, Құдайға да өкпесін айтады. Өзі қайғырып тұрып, әкесінің жайын ойлайтынын да білдіреді. Осы сыңсудағы тағы бір ерекшелік өзбек сөзі де кездеседі. «Дәде» деп әкесіне қарата айтады.
13. Басы:
Ақ өрмек жолға құрамын, Еркелеп кімге тұрамын.
14. Соңы:
Енді бір қайтып көргенше, Қош-аман бол, шешелер!
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова