∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Д.Абдуллаева, Қ.Саттаров.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинау экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/83
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П. 4; Ж. 57 17,5х28; 15х28
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін ақ қағазға көк сиямен кирилл әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Сыңсуда қыз қазақ танымындағы отбасы институтының әрбір өкілінің аты аталады. Қыздың қарата айтқан сөздерінен олардың отбасындағы орны, рөлі анық аңғарылады. Қыз әуелі әкесіне өкпесін білдіреді. Өз қалауымен емес, мата құрлы көрмей, жастай малға сатып, ұзатқалы тұрғанына өкпесін айтады. Анасының да көңіліне қарамай, жайын да сұрамай беріп жібергенін айтады. Таңдағанына емес, мал беріп әкетіп бара жатқанын, сондай күйде босаға аттаса, анасының берген ақ сүтін ақтай аларына да күмәнданады. Үй ішіне, ең аяғы сырлас, мұңдас болған жеңгесінің де үйден өзі шығарып салғанын, оның жұбату сөзінің еш мәнінің жоқ екендігін білдіреді. Бауыры мен сіңлісіне айтқан сөзінен ертеректе қыз бала ұзатылған соң жыл толмай, төркінін көре алмайтыны байқалады. Қыз осы жайдың бәрін тізіп келіп, соңғы шумағында өзінің тірідей өлгенін айтады.
13. Басы:
Көк көйлек кидім төкпелі, Мен әкеме өкпелі.
14. Соңы:
Тірі де отыр демесең, Өлі қыздан несі кем?
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова