∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Сыңсу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Сыңсу
3. Авторы (Айтушы)
Әбдімүмінова Жұман
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1988 жылы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинау экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/83
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж. 21; 17,5х28; 14х10
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпімен
11. Жанры
Тұрмыс-салт
12. Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда ұзатылғалы тұрған қыз өзі арқалап өсірген інісімен, ағасымен қоштасып, жеңгесін оған табыстап, өзінің ұзаққа кетіп бара жатқанын айтады. Бауырларымен қош айтысқан қыз өзі еркелеп өскен ел-жұртымен де қоштасады. «Қарасам көзім талады-ау» деп сағынатынын да білдіреді. Сыңсудың соңғы шумағында ел-жұртынан ұзап кеткен соң, есейіп, санасы толысарын да айтады.
13. Басы:
Қарағай шаптым жан қалап, Өсірдім інім арқалап.
14. Соңы:
Ел-жұртым сенен айырылып, Сәнамен жүзім солар-ау.
15. Қосымша мәлімет
Әр бетке бір қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова