Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар.
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні өте көлемді. Айтушы барлық туған-туыс, құда-жегжатқа сәлем салғызады. Арасында өсиет, жаөсы сөздермен қатар әзіл-қалжың да кездеседі. Сөз саптауына қарап, 1980-90 жылдары ел арасында айтылған беташар деуге болады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташардың басында орындаушы елден жас келінге көрімдік сұрайды. Қыздың әке-шешесі оны құдайдан жалбарынып сұрап алса да, салт бойынша, өмірдің жазуымен қызды осы жұртқа ұзатқанын айтады. Жас келіннің сипатын өлеңіне қосады. Әулет мүшелерімен таныстырып, сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні қайын ағасына сәлем беруімен басталады. Яғни, мәтіннің бастапқы шумақтары жоқ. Беташар әулет мүшелерін мақтау-мадақтаумен таныстырып, жеке-жеке сәлем салдырады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні «Бісмілләдан» басталады. Келіннің бетін ашушы бірінші бұрынғыдан келе жатқан келіндерге айтылған өсиеттерді өз сөзімен, өлеңіне қосып айтып береді. Әрі қарай отбасы мүшелерімен таныстырып, сәлем салғызады. Автор ең соңында өзіне де сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні өте көлемді. Жыр шумақтарының ұйқастары да әртүрлі. Беташардың басында автор-орындаушы өзінің бұрын-соңды бет ашпағандығын айтқанынан оның суырып салма шеберлігін тануға болады. Бұл беташар жырдың өз жырлардан тағы бір ерекшелігі – жиылған көпшілікпен сәлемдесіп алуында. Сәлемнен кейін келінге ақыл-өсиет айтылып, кейін келген жұртымен таныстырып, сәлем беру рәсімін жасайды. Таныстыру барысында әрбір жанның жеке адами немесе сыртқы келбетіне қатысты ерекшеліктері мен қасиеттерін өлеңмен әрлеп жеткізеді. Ең соңына келіннің бетін ашып, тілегін айтады. Отқа май құю дәстүрін де өлеңіне қоса кетеді.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар жырдың орындаушысы сөз басында өзінің қызыл тіліне бір сыйынады. Келіннің өзіне қатысты өсиет-ақылын айтып, жігіттің ата-анасынан бастап, бауырларына сәлем салғызады. Жыр басында айтқан өсиетін осы тұста тағы жалғастырып, ең соңында өзіне сәлем салғызады.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Беташар мәтінінің басында автор өзінің кездейсоқтан қолқалап бетін аш дегенге сөз таппай тұрғанын айтуынан оның суырыпсалма ақындығын, алдын-ала дайындықсыз, табанда жырды шығарғанын аңғаруға болады. Барлық өзге беташар өлеңдері секілді бұл өлеңде де келінге әуелі өсиет айтылып, кейін қайын атасына, енесіне, қайын аға-қайын іні, қайын апа-қайын сіңлі, абысын секілді туыс-туғанына сәлем салдырып, орындаушы ең соңында өзіне де сәлем салуын сұрайды.
Қолжазбаның атауы
Беташар
Қолжазбаның жанры
Беташар
Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырда бірінші келін келді деп сүйіншілеп, жаңа түскен келінге көрімдік сұрайды. Өзге беташар жырлар секілді келінге сәлем салдыратын арнайы жолдары жоқ.