∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Өкпенов Ибрагим – ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы. Қарағанды қаласынан, туып-өскен жері – бұрынғы Ақмола облысындағы Қорғалжын ауданы. 1950 жылдарда Қарағанды облыстық филормониясында қызмет істеген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1959 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.131, 2-дәп. (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.5; П.6; Ж. 132; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташар мәтінінің басында автор өзінің кездейсоқтан қолқалап бетін аш дегенге сөз таппай тұрғанын айтуынан оның суырыпсалма ақындығын, алдын-ала дайындықсыз, табанда жырды шығарғанын аңғаруға болады. Барлық өзге беташар өлеңдері секілді бұл өлеңде де келінге әуелі өсиет айтылып, кейін қайын атасына, енесіне, қайын аға-қайын іні, қайын апа-қайын сіңлі, абысын секілді туыс-туғанына сәлем салдырып, орындаушы ең соңында өзіне де сәлем салуын сұрайды.
13. Басы:
Беташар жұртым қалаған, Айт десе, бойын балаған.
14. Соңы:
Әлеуметтер, дәметпе, Мен сүртейін терімді-ай!
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов