∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Күнтуғанов Тұрғанбай – ақын, айтыскер, ауыз әдебиеті үлгілерін жеткізуші. 1937 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Куйбышев аулында дүниеге келген. Негізгі мамандығы механизатор, музыкалық училищеде оқыған. 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны (1990 жыл).
4. Жинаушы, тапсырушы:
Аниса Қайназарова, Күзенбаева Жанар – Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика институтының студенттері (1990 жыл).
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы Қазығұрт фольклор экспедициясы кезінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.920/53 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.9; П.10; Ж.324; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін қара сиямен кирилл әрпінде түсірілген. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні өте көлемді. Жыр шумақтарының ұйқастары да әртүрлі. Беташардың басында автор-орындаушы өзінің бұрын-соңды бет ашпағандығын айтқанынан оның суырып салма шеберлігін тануға болады. Бұл беташар жырдың өз жырлардан тағы бір ерекшелігі – жиылған көпшілікпен сәлемдесіп алуында. Сәлемнен кейін келінге ақыл-өсиет айтылып, кейін келген жұртымен таныстырып, сәлем беру рәсімін жасайды. Таныстыру барысында әрбір жанның жеке адами немесе сыртқы келбетіне қатысты ерекшеліктері мен қасиеттерін өлеңмен әрлеп жеткізеді. Ең соңына келіннің бетін ашып, тілегін айтады. Отқа май құю дәстүрін де өлеңіне қоса кетеді.
13. Басы:
Келінге жұрттың көрдім ынтызарын, Бұл елдің қазақ деген ұлты барын.
14. Соңы:
Отқа майды сал-дағы, Үйге кіріп кетіңіз.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов