∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақыпұлы Желеу (1909-1970) – Сыр бойының белгілі ақыны. Шымкент облысы Созақ ауданында туып-өскен. Жас кезінен айтыстарға қатысып, ел көзіне түсіп, 1943 жылы «Халық ақыны» деген атаққа ие болған. Көптеген халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1987 жылы қорға тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.338 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.13; П.14; Ж. 787; 16х20; 14х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Беташар.
12. Қысқаша мазмұны
Беташар мәтіні өте көлемді. Айтушы барлық туған-туыс, құда-жегжатқа сәлем салғызады. Арасында өсиет, жаөсы сөздермен қатар әзіл-қалжың да кездеседі. Сөз саптауына қарап, 1980-90 жылдары ел арасында айтылған беташар деуге болады.
13. Басы:
Бісміллә сөз бастайын, Асықпайын, саспайын.
14. Соңы:
Асығып отыр екі жас, Қойыңдар, енді тарайық.
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар.
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов