∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Беташар

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш.910/5 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.3; Ж.61; 21,5х20; 12х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына машинкамен басылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Беташардың басында орындаушы елден жас келінге көрімдік сұрайды. Қыздың әке-шешесі оны құдайдан жалбарынып сұрап алса да, салт бойынша, өмірдің жазуымен қызды осы жұртқа ұзатқанын айтады. Жас келіннің сипатын өлеңіне қосады. Әулет мүшелерімен таныстырып, сәлем салғызады.
13. Басы:
Осы отырған әлеумет Жиналып келдік бәріміз.
14. Соңы:
Осы отырған көпшілік, Риза бол осыма-ай!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов