∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Беташар
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Беташар
3. Авторы (Айтушы)
Бекқұлова Рахима – зейнеткер-ұстаз. Мәтінді орындағанда 77 жаста (2002 жыл). Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Наушабекова Б. – Низами атындағы Ташкент мемлкеттік педагогика институтының студенті (2002 жыл).
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Беташар бұрынғы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында жазылып алынған. 2002 ж.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
ӘӨИ: Ш.920/135.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.34; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Беташар
12. Қысқаша мазмұны
Бұл беташар жырда бірінші келін келді деп сүйіншілеп, жаңа түскен келінге көрімдік сұрайды. Өзге беташар жырлар секілді келінге сәлем салдыратын арнайы жолдары жоқ.