∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«ПРОЗАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР - Аңыз - Шежірелік аңыз» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
تۇرىك، قىرعىز، قازاق ءھام حانلار شەجىرەسى / Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі
Қолжазбаның жанры
Шежіре
Қысқаша мазмұны
Бұл Ш. Құдайбердіұлының 1911 жылы Орынборда шыққан еңбегі. Еңбектің басында «Шежіреден бұрын» деген алғы сөз жазған. Шежірені Адам атадан бастап тарқатады. Еңбек «Шежіре басы», «Қазақтың қайдан шыққаны», «Ұлы жүз», «Кіші жүз», «Орта жүз», «Қаңлы», «Қыпшақ», «Қоңырат», «Қарақырғыз», «Керей», «Найман», «Уақ», «Төлеңгіт», «Тарақты», «Арғын», «Орта жүздегі арғынның рулары», «Хан шежіресі», «Шыңғыс хан шежіресі», «Исламбұлдағы ғұсманлы түрік һәм сұлтанлары», «Фарсыдағы һәм Закавказдағы түрік нәсілі», «Сарт», «Өзбек», «Ноғай», «Башқұрт», «Қалмақ һәм телеуіт», «Түрікмен», «Яқұт», «Оранхай», «Енисейдегі түрік», «Күншығыс Түркістандағы түріклер», «Мақсұт», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Хош» атты тараулардан тұрады. Соңғы бес тарау жырмен жазылған.
Қолжазбаның атауы
Төре руы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Ел арасында тараған әңгіме бойынша, X ғасырдың екінші жартысында арабтар мен моңғол жаулаушылары арасында болған бір соғыста Аби Малик Бахадур деген араб халифасының зайыбы Гүлсара ханым моңғолдарға тұтқынға түседі. Гүлсара өте сұлу болады да, моңғолдар оны өлтіруге қимайды. Сонда моңғолдың қолбасшысы Нехнур осы Гүлсараға үйленбекші болады. Сол кезде ханымның аяғы ауыр, құрсағында алты айлық баласы бар екен. Сол себепті ханым қолбасшыға шариғат бойынша бұндай кезде қосылуға болмайтынын жеткізіп, мерзімі жетіп аман-есен босанса, сәбиі қырқынан шыққан соң өзінің некесін қидырып, қосылуға қарсы емес екенін білдіреді. Нехнур Гүлсараның тілегін орындайды. Гүлсара сәбиін дүниеге әкеліп, ол қырқынан шыққаннан кейін халифаға әйел болып қосылады. Гүлсараның сәбиі ұл болып, атын Темучин деп қояды. Біраз уақыт өткен соң анасы оны «Шыңғыс» деп өзгертіп атайды. «Шыңғыс» – арабша: «сен пәк, тазасың» деген мағына береді. Гүлсара Нехнурға үйленгеннен кейін тағы төрт бала туады. Олар: Богентай, Боргелтай, Сарықызыл, Сарғалтай. Бұл балаларының үрім-бұтағы моңғолдың ішінде өркен жаяды. Шыңғыс өскен соң бүкіл моңғол-татар тайпаларын біріктіріп, ірі мемлекет құрып, хан болады.
Қолжазбаның атауы
Тутамғалы мен Қайшылы рулары
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Тутамғалы алдымен төрт атаға бөлінеді: Бозбике, Жанай, Жәлімбет, Жолман. Осы төрт атадан тараған ұрпақтар таратылып айтылады. Қайшылы руы туралы дерек аз. Тұрымбет батырдың Қайшылы қатынынан Жанат, одан Сауқым сопы қалыпты дегеннен басқа дерек айтылмайды.
Қолжазбаның атауы
Темірдің Есентемір атанып, бір рулы елге айналауы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Қыдырқожа өз жылқысын Темірге басқаруға берді. Сол жылы қыс қатаң болып жылқыларға қауіп туды. Жылқы киіктермен бірге еріп кетеді. Темір жылқыларды іздеп жүргенде киіктерді байқап қалып, оларды атпақ болғанме жолдастарына рұқсат бергенмен, бір сәтте райынан қайтып жолдастарына «тимеңдер» деп айтады. Сол кезде Темір бәлкім өз туған жерін, бүкіл өткен өмірін көз алдынан өткізіп, туған елін, басшысыз ауылын, халқын еске алып: «Мына текені атып алсам, үйірі талан-таражға түсіп, менің басымдағы, ел басындағы хал бұларға да келеді-ау» деп киіктерге тиіспеген екен. Қытымыр қыстың ызғары батып, жылқыны аман сақтау қиынға айналады. Темір сол қыста қаншалықты қиындық көргенімен, Маңғыстауға аман-есен қайтып оралады. Қыдырқожа Темірге риза болып, үлкен той жасайды. «Қайда барсаң да есен-аман келесің-ау, бауырым, енді сенің атың Есентемір болсын» деген екен. Қазіргі таңда Есентемірден бір рулы ел тарайды.
Қолжазбаның атауы
Тама руы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Кіші жүз екі үлкен топқа бөлінеді: Он екі ата Байұлы және Жетіру. Тама сол Жетіруға жатады. Жетіру құрамы: Телеу, Рамазан, Тама, Кердері, Табын, Жағалбайлы. Ел аузындағы әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қарабура» екені айтылады. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз дүние салған соң, Тама қара бура мініп келіп, жүзін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Жұрт мұны кейін біліп, «Қара бура Әзі» деп атап кеткен. Кейін ұранға айналған. Таманың ұраны – «Қарабура».
Қолжазбаның атауы
Сары  үйсін (ІІІ нұсқа)
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Аңызда Бәйдібек бәйбішесі Мараудан он ұл (Мөйлау, Қойлау, Мойсал, Қайсал, Айтуған, Байтуған, Ерсары, Бисары, Байтоқты, Сарыбай), екі қыз көреді. Марау өжет, бірбеткей, қайсар, өз дегені болмаса ешкімге көнбейтін, кісінің тіліне ермейтін мықты адам болған деседі. Бүкіл елге билік жүргізген ақылды ана болғандықтан, ел-жұрты оны құрметтеп атын атамай «Сары бәйбіше» деп, одан туған балаларды «Сарыүйсін» деп атап кеткен екен.
Қолжазбаның атауы
Ошақты руы туралы
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Мұнда шағын үш аңыз айтылады. Бірінші аңызда Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты, оның шашының қасиеті, сол қасиетіне байланысты кісілер «Қарашаш ана» деп атап кеткені туралы, одан туған баланың «Ошақты» атануы жайлы айтылады. Екінші аңызда енші алу рәсімінде Тұмардың алдына боз биені жетелеп әкеліп, оның «сауырын тамғала» деп қолына ыстық көсеу беріпті. Ол қып-қызыл көсеумен бие санына үш бұрыш тұмарша тамға басыпты. Сол тамғаны кейін ел-жұрт «үш аяқты ошақ тамға» деп атап кетіпті. Үшінші аңызда ауылға жау шапқанда біреу малын жетектеп, екіншісі көрпе-төсегін арқалап қашқанда, Тұмар ана үш аяқты ошағын ала қашқаны жайында баяндалады.
Қолжазбаның атауы
ون ەكى اتا بايۇلى بەرىش رۋى تۋرالى اڭىز / Он екі ата Байұлы Беріш руы туралы аңыз
Қолжазбаның жанры
Аңыз
Қысқаша мазмұны
Беріш байдың (Қыдырқожа) жалшылығында болған бір әйелдің ішінде келген бала еді: Алтай және Елтай деген ағайынды екі жігіттің ағасы жауда қаза тапқан соң, ағасының әйелі мен екеуі (Алтай, Елтай) Қыдырқожа байға жаудан қашып паналайды. Сол әйел қайнысы мен екеуі келген кезде жүкті болып келген. Сонан ұл бала туып, атын беріш қойыпты. Кейін сол әйелді Қыдырқожа алады. Берішті Қыдырқожа баласы деп сол үшін айтады.