∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тутамғалы мен Қайшылы рулары

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тутамғалы мен Қайшылы рулары
3. Авторы (Айтушы)
Тілеген қарт
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қыдырәлі Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1984 жылы Ташкентте жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/13
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 25; 29х19; 23х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Тутамғалы алдымен төрт атаға бөлінеді: Бозбике, Жанай, Жәлімбет, Жолман. Осы төрт атадан тараған ұрпақтар таратылып айтылады. Қайшылы руы туралы дерек аз. Тұрымбет батырдың Қайшылы қатынынан Жанат, одан Сауқым сопы қалыпты дегеннен басқа дерек айтылмайды.
13. Басы:
Тутамғалы жөнінде…
14. Соңы:
…Сіргеліге қосылатын сияқты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек