∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Тама руы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Тама руы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Өмірзақ Ахметов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1981 жылы жазылып, 1990 жылы қорға түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1146
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж 27; 20х30; 18х28
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Кіші жүз екі үлкен топқа бөлінеді: Он екі ата Байұлы және Жетіру. Тама сол Жетіруға жатады. Жетіру құрамы: Телеу, Рамазан, Тама, Кердері, Табын, Жағалбайлы. Ел аузындағы әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қарабура» екені айтылады. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз дүние салған соң, Тама қара бура мініп келіп, жүзін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Жұрт мұны кейін біліп, «Қара бура Әзі» деп атап кеткен. Кейін ұранға айналған. Таманың ұраны – «Қарабура».
13. Басы:
Халықтың ауызында бар әңгімеде Таманың аты….
14. Соңы:
Таманың ұраны – Қарабура.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Нәзира Сәрсек