Мұнда шағын үш аңыз айтылады. Бірінші аңызда Жәлменбеттің үшінші жұбайының аты, оның шашының қасиеті, сол қасиетіне байланысты кісілер «Қарашаш ана» деп атап кеткені туралы, одан туған баланың «Ошақты» атануы жайлы айтылады. Екінші аңызда енші алу рәсімінде Тұмардың алдына боз биені жетелеп әкеліп, оның «сауырын тамғала» деп қолына ыстық көсеу беріпті. Ол қып-қызыл көсеумен бие санына үш бұрыш тұмарша тамға басыпты. Сол тамғаны кейін ел-жұрт «үш аяқты ошақ тамға» деп атап кетіпті. Үшінші аңызда ауылға жау шапқанда біреу малын жетектеп, екіншісі көрпе-төсегін арқалап қашқанда, Тұмар ана үш аяқты ошағын ала қашқаны жайында баяндалады.