«ЭПОС - Ғашықтық дастан» айдарының архиві
Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы
Қолжазбаның атауы
Шаһзада Саламат
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Бұл дастанда бір шаһардың патшасы қайтыс болып, әйелі екі қабат күйінде жесір қалады. Ол аман-сау босанып, баласының атын Шаһзада қояды. Баласы он сегізге келгенде әкесінің орнын басқан патшаның қызына ғашық болады. Мұны білген патша баланы дарға асуды бұйырады. Патшаның кең ойлы уәзірінің арқасында екі жастың бір-біріне шын ғашық екенін білген патша, дарға асу жазасын кешіп, Шаһзадаға қызын қосады.
Қолжазбаның атауы
Шаһизада/ شاھزادزا
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Дастанның бірнеше нұсқалары бар. Оқиғасы негізінен патша ізбасары Шаһизаданың әкесінің тағын қайтару жайындағы ерлігі мен оның Сағымжамал сұлуға ғашықтық сапарына арналған.
Қолжазбаның атауы
Шайқан–Күләш
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Дастанда Шайқан мен Күләштің сүйіспеншілігі жырланады. Теңіне қосыла алмай, қатын малға сатылған Күләштің аянышты тағдыры сөз болады.
Қолжазбаның атауы
Хасен-Жәмилә/حاسەن – جەمىلە
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Хасен де, Жәмилә да кедей-жалшының семьясында өскен. Екеуі бірін-бірі сүйіп, қосылмақшы болып жүргенде, Жүніс деген бай Жәмиланың әкесі Бейсенге құда түсіп, баласы Патшабекке зорлап әпермекші болады. Бір күні Хасен Жәмиланы алып қашып, қапылыста қолға түсіп қалады. Одан зорға дегенде құтылып шығады. Соңғы ұсталуында үстем тап өкілдері Хасен мен Жәмиланың жаңа туған нәрестесін тірідей, айдалаға тастап, өздерін түрмеге қамайды. Жәмилә да сол көтеріліске қатысады. Екі жас өз мақсаттарына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Жанша батыр мен Айжан қыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда Манап ханның қол астындағы жомарт саятшы Түмен мерген аң аулап жүріп, дәу Мөңке мергеннің тұтқынындағы сұлу Айжанды құтқарады. Айжан өз өмірін және сүйгені Жанша батыр туралы баяндайды. Жанша – Баттал батырдың жалғыз ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін дұшпандары оны өлтірмек болады. Ата-анасының батасын алған Жанша Айжанмен бірге елге аттанады. Жолда қалмақ батыры Нәдірді жекпе-жекте өлтіріп, жаумен шайқасады. Кейін тұтқынға түссе де, жаудан құтылып шығып, Айжанды іздейді. Айжанды Манап ханның адамдары алып кеткенін жаралы Түмен мергеннен естиді. Манаптың ордасына келіп, ханды өлтіріп, Айжанды босатып алады. Екеуі Түмен мергеннің, кейін Айжанның әкесі Нұралының батасын алып, туған еліне оралады. Ақыры екі жас қосылып, үлкен той жасалады.
Қолжазбаның атауы
جابال باتىر مەن تاڭشەبەر قىز / Жабал батыр мен Таңшебер қыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Жырда арғынның тобықты руынан шыққан Қожаберген батырдың елін қорғаудағы ерлігі баяндалады. Ол қалмақ батыры Ұлалымен шайқаста қаза тауып, жары Таңсұлу тұтқынға түседі. Намысын сақтаған Таңсұлу қалмаққа әйел болмас үшін мұрнын өзі кесіп, күң болып өмір сүреді. Құрсағындағы ұлы әкесінің кегін алады деген үмітпен Жапалды дүниеге әкеліп, қиындыққа қарамастан тәрбиелеп, сауатын ашады. Ержеткен Жапал әкесінің өлімінің шындығын біліп, туған еліне оралады. Туыстарынан қол жинап, қалмақтарға қарсы аттанады. Жекпе-жекте Ұлалыны жеңіп, әкесі Қожабергеннің кегін қайтарады. Кейін қалмақтың ақылды әрі сұлу қызы Таңшеберге үйленеді.
Қолжазбаның атауы
Жапал батыр мен Таңшебер қыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Жырда арғынның тобықты руынан шыққан Қожаберген батырдың елін қорғаудағы ерлігі баяндалады. Ол қалмақ батыры Ұлалымен шайқаста қаза тауып, жары Таңсұлу тұтқынға түседі. Намысын сақтаған Таңсұлу қалмаққа әйел болмас үшін мұрнын өзі кесіп, күң болып өмір сүреді. Құрсағындағы ұлы әкесінің кегін алады деген үмітпен Жапалды дүниеге әкеліп, қиындыққа қарамастан тәрбиелеп, сауатын ашады. Ержеткен Жапал әкесінің өлімінің шындығын біліп, туған еліне оралады. Туыстарынан қол жинап, қалмақтарға қарсы аттанады. Жекпе-жекте Ұлалыны жеңіп, әкесі Қожабергеннің кегін қайтарады. Кейін қалмақтың ақылды әрі сұлу қызы Таңшеберге үйленеді.
Қолжазбаның атауы
Қарға батыр туралы
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық дастан
Қысқаша мазмұны
Баяғыда Қарға деген бала әкесінен жетім қалып, шешесімен екеуі байлардың жылқысын бағып күн көреді. Қарға 16-17-ге келген соң, жалшылық өмірден құтылу үшін ұрлыққа кіріседі. Жақсы киім киіп, жүйрік ат мініп, салтанат құрады. Сөйтіп журіп, бір бай жігіттің қолындағы Күлсін сұлуды алып қашады. Қарға қартайғанша Күлсінмен бірге жақсы өмір сүреді. Қарға науқастанып, өлер алдында халқын жинап, өзінің басынан кешкен оқиғаны, Күлсінді қалай алып қашқанын айтып береді. Қарғаның өз аузынан есіткен кісі бұл әңгімені поэмаға айналдырып, ел арасына таратады.