∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

جابال باتىر مەن تاڭشەبەر قىز / Жабал батыр мен Таңшебер қыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
جابال باتىر مەن تاڭشەبەر قىز / Жабал батыр мен Таңшебер қыз
3. Авторы (Айтушы)
Әбенов Шәкір (1900-1994) – халық ақыны, фольклоршы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол 1900 жылы бұрынғы Семей облысы, Абыралы өңірінде дүниеге келген. Алғаш ауыл молдасынан мұсылманша сауат ашып, кейін Семейдегі мектепте үш жыл білім алған. Жастайынан ақындық, жыршылық қабілетімен елге танылады. Шәкір Әбенов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлинмен жақын араласқан. Біраз уақыт Сәкен Сейфуллиннің атқосшысы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көптеген өңірлерін аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен, ауыз әдебиеті мұраларымен танысқан. Бұл сапарлар оның ақындық дүниетанымының қалыптасуына үлкен әсер етті. Ш. Әбенов қазақтың тарихи тұлғалары мен ел аузындағы аңыздарды негізге ала отырып көптеген эпикалық шығармалар жазды. Оның «Кейпін батыр», «Таңшебер – Жапал», «Ортақ арал», «Қорқыт қобызы», «Пәрмен», «Алданған қыз», «Патша мен байғыз», «Ана махаббаты», «Тоқтамыс батыр» сияқты дастандары «Шыңғыстау» (1980), «Шыңғыстау сазы» (1985) және «Дастандар» (1991) жинақтарына енген.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тұтқышұлы Әбділла (1900 – қ.ж.б.) – ақын, жыршы, халық әдебиеті мұрасын жаңғыртушы. Бұрынғы Торғай уезінде дүниеге келген. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашып, кейін білімін жалғастырып, 1920 жылы Ташкент қаласындағы Заң мектебін тәмамдаған. Оқуды бітіргеннен кейін Шымкент уезінде судья (қазы) қызметін атқарған. Кеңестік саяси қуғын-сүргін жылдары қуғынға ұшыраған, өмірінің кейінгі кезеңі туралы нақты деректер сақталмаған. Өмірбеков Аспандияр.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1998 жылғы ӘӨИ ұйымдастырған Қызылорда фольклорлық-этнографиялық экспедициясы.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1140
8. Бет, жол саны, өлшемі
133; 34; 29х15,7; 17х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба қалың дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Жырда арғынның тобықты руынан шыққан Қожаберген батырдың елін қорғаудағы ерлігі баяндалады. Ол қалмақ батыры Ұлалымен шайқаста қаза тауып, жары Таңсұлу тұтқынға түседі. Намысын сақтаған Таңсұлу қалмаққа әйел болмас үшін мұрнын өзі кесіп, күң болып өмір сүреді. Құрсағындағы ұлы әкесінің кегін алады деген үмітпен Жапалды дүниеге әкеліп, қиындыққа қарамастан тәрбиелеп, сауатын ашады. Ержеткен Жапал әкесінің өлімінің шындығын біліп, туған еліне оралады. Туыстарынан қол жинап, қалмақтарға қарсы аттанады. Жекпе-жекте Ұлалыны жеңіп, әкесі Қожабергеннің кегін қайтарады. Кейін қалмақтың ақылды әрі сұлу қызы Таңшеберге үйленеді.
13. Басы:
ﺑﺎﺴﺘﺎﻴﻦ ﺒﻴﺴﻤﻳﻼ ﺪﻩﭗ ﺪﺍﺴﺗﺎﻨﺪﻯ ﺑﻭﻞ, ﺳﺎﻭﺋﻨﺪﺍ ﻘﺎﻭﺴﺋﺭﻤﺎ ﺠﺎﻖ, ﺴﺎﻳﺮﺍﺷﻰ ﺘﺌﻞ.
14. Соңы:
ﺍﻟﻪﻭﻣﻪﺖ, ﺭﻴﺯﺍ ﺑﻭﻟﺋﭖ ﺑﻪﺭﺴﻪﻚ ﺑﺎﺗﺎ, ﻭﺴﺌﻤﻪﻦ ﺴﻭﺰ ﺍﻳﺎﻏﺌﻦ ﺘﺎﻤﺎﻤﺪﺍﺪﺋﻢ.
15. Қосымша мәлімет
Көшірілген уақыты “Алматы, 1971 жылдың 15-мамыры” деп көрсетілген. 1987 жылы Өмірбеков Аспандияр тапсырған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш