∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Шаһзада Саламат

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Шаһзада Саламат
3. Авторы (Айтушы)
Үржан Аяпова.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Оразгүл Нұрмағанбетова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 жылы Қызылорда облысы, Шиелі поселкісінде жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
104
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.13; Б.20; Ж.14. 14,5×19; 14×17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Блокнот қағазына жазылған. Ақ жіппен тігіліп, ватман қағазбен қапталған. Кейбір беттерде сызылған өлең жолдары бар. (11 бет, 19-бет).
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Бұл дастанда бір шаһардың патшасы қайтыс болып, әйелі екі қабат күйінде жесір қалады. Ол аман-сау босанып, баласының атын Шаһзада қояды. Баласы он сегізге келгенде әкесінің орнын басқан патшаның қызына ғашық болады. Мұны білген патша баланы дарға асуды бұйырады. Патшаның кең ойлы уәзірінің арқасында екі жастың бір-біріне шын ғашық екенін білген патша, дарға асу жазасын кешіп, Шаһзадаға қызын қосады.
13. Басы:
Рахман, рахман сөздің басы, Еш бәнде Алла десе болмайды асы.
14. Соңы:
Кімде-кім тәуекелге бел байласа, Болмайды деген рас бекерге еңбегі еш.
15. Қосымша мәлімет
Кеңсе қағазына машинкамен басылған көшірмесі бар.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Пакизат Әуесбаева