∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жанша батыр мен Айжан қыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жанша батыр мен Айжан қыз
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Қоржынов Қанен (1906–?) – Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбеккер және фольклорлық мұра жинаушы. Ол Қостанай облысы Аманкелді ауданында дүниеге келген. Туған жеріндегі бастауыш мектептен 4 сыныптық білім алып, Тельман колхозында есепші болып жұмыс істеген. 1942 жылы 22 маусымда әскер қатарына алынып, 261-атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысқан. 1944 жылы Одер өзенінен өту кезінде ауыр жараланып, желтоқсан айында елге оралған. 1985 жылы Ғылым академиясының қолжазбалар қорына құнды әдеби-фольклорлық мұралар мен дастан мәтіндерін тапсырған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қолжазба М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына 1984 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
884/1
8. Бет, жол саны, өлшемі
67; 19; 16,5х20,5; 13х18,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді қалың оқушы дәптеріне кейде көк, кейде қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Ғашықтық дастан
12. Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда Манап ханның қол астындағы жомарт саятшы Түмен мерген аң аулап жүріп, дәу Мөңке мергеннің тұтқынындағы сұлу Айжанды құтқарады. Айжан өз өмірін және сүйгені Жанша батыр туралы баяндайды. Жанша – Баттал батырдың жалғыз ұлы. Әкесі қайтыс болғаннан кейін дұшпандары оны өлтірмек болады. Ата-анасының батасын алған Жанша Айжанмен бірге елге аттанады. Жолда қалмақ батыры Нәдірді жекпе-жекте өлтіріп, жаумен шайқасады. Кейін тұтқынға түссе де, жаудан құтылып шығып, Айжанды іздейді. Айжанды Манап ханның адамдары алып кеткенін жаралы Түмен мергеннен естиді. Манаптың ордасына келіп, ханды өлтіріп, Айжанды босатып алады. Екеуі Түмен мергеннің, кейін Айжанның әкесі Нұралының батасын алып, туған еліне оралады. Ақыры екі жас қосылып, үлкен той жасалады.
13. Басы:
Басталық әңгімені өлеңдетіп, Көңілді көтеріңкі елеңдетіп.
14. Соңы:
Жиналып келіп жатыр ауыл-аймақ, Болар ма қуанышқа көңіл тоймақ.
15. Қосымша мәлімет
Дәптерде тор көзді бір парағында жинаушының (2 бет) М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлеріне жазған хаты бар. Соңына “Қанен” деген белгі қойылған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш