∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Терісаққан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Терісаққан
3. Авторы (Айтушы)
Жандарбек Байбосынов
4. Жинаушы, тапсырушы:
Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
936
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 23. 21х17; 18х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушының жол дәптеріне жазылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Елге жауыздығымен белгілі Айтық деген ханның төрт ұлы болған екен. Өлер алдында хан ұлдарынан билеп отырған жұрттың малын жеп, байлығы мен атағын сақтап қалуға уәде алады. Кенже ұлы әкесінің сөзіне келіспеген соң, үш ағасы аяқ-қолын байлап, өзенге лақтырып жібереді. Содан бері сол өзен басқа үш өзенге қарама-қарсы ағатын болыпты.
13. Басы:
Қазақ даласын хандар әулеті билеп тұрған заман
14. Соңы:
Сол себепті қаланы Терісаққан деп атап кеткен дейді аңыз.
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова