∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Түлкібас

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Түлкібас
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Берік Рахимов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қарағанды облысы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1200
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1; Ж. 36. 21х17; 18х8
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Майлыкент деген өңірде Түлкібас деген әулие кісі өмір сүріпті. Өзі әулие болса да, өте қарапайым болыпты. Ел ішінде оған сенбей, күле қарағандар да болған екен. Бір күні Түлкібас Қосемшек деген төбенің етегіндегі өзенге түйесін суғармаққа апарады. Сол кезде оған сенбейтін бір топ адам артынан әжуалап қарап күліпті. Бұған шыдамаған Түлкібас әулие артына қарап, оларға түкіріп қалыпты. Сол мезет олар езіліп кетіп, әрқайсысы бір-бір бастауға айналады. Осыдан бастап ел оған сене бастайды.
13. Басы:
Түлкібас ауданының «Түлкібас» аталуына байланысты ел аузында әр түрлі әңгімелер бар
14. Соңы:
Сонан соң жұрт уәде бойынша сол өңірге Түлкібас атын беріпті
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова