∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Төрткүл төбе

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Төрткүл төбе
3. Авторы (Айтушы)
Айсапар Сапарбаев
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ж.Мұсабаева, Қ.Саттаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/137
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 2; Ж. 23. 27х19,7; 25х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына машинкаға басылған. Журнал болып түптелген.
10. Қолжазба графикасы
кирилл әрпінде
11. Жанры
топонимдік аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Баяғыда бұрынғы Қарасора ауылында бір үлкен аждаһа пайда болыпты. Ол елге тыныштық бермепті. Малды малдай, адамды адамдай қырыпты. Ауыл адамдары әбден сасыпты. Осы ауылда бір молда болыпты. Молда әбден бұл аждаһаны сиқырмен дуалап, бірнеше ғасырға сиқырлап қатырып қойған екен. Содан сол молданың құдіретінің арқасында ауыл тыныштық тауып қалыпты. Аждаһаны ауыл сыртындағы Төрткүл деген төбеге қырға көміпті. Сондықтан бұл жер Төрткүл төбе деп аталыпты.
13. Басы:
Баяғыда қай ғасыр екені белгісіз…
14. Соңы:
Төрткүл төбе деп аталуда екен
15. Қосымша мәлімет
Қағаздары ескірген.
16. Сандық көшірменің болуы
бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Тоғжан Әкімова