∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

«АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ» айдарының архиві

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Алтай Құлтума ақын мен Найман Қожабай ақынның айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы.
Қысқаша мазмұны
Айтыс Атбасар дуанында ХІХ ғасырдың соңында өтеді. Айтыс негізінен әр ақынның өз руларының батырларын, байлықтарын мақтауға құрылған. Айтысты Қожабай бастап, жасы өзінен үлкен Құлтума ақыннан жол сұрайды. Оған намыстанған Құлтума «Ешкімге өлгенімше жол бермеймін!» деп жауап қайырады. Бұл кезде Құлтума 64 жаста екен де, Қожабай 34 жастағы жігіт екен. Айтысқа төрелік айтушы Ыбырай ақын.
Қолжазбаның атауы
Құлтума ақынның Ер Сейілмен кездесуі, Ырысбаймен айтысуы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы.
Қысқаша мазмұны
Айтыс Ақмешіт қаласында Тайшық деген кісінің асында болады. Құлтума осы асқа келген, қазақ даласына аты шыға бастаған Ер Сейілге барып, өлеңмен амандасып, арғы атасы Серкеден бастап мақтап, Сейілден ат-шапан сыйлық алады. Осы асқа сонымен бірге қарақыпшақтан шыққан ақын Ырысбай да келеді. Ырысбай Құлтумадан Ер Сейілден алған ат-шапанының бірін сауғаға сұрайды. Құлтума оған: «Айтыста кім жеңсе, бұл жүлдені сол алады» дейді. Айтыс осылай басталады да, Құлтуманың жеңісімен аяқталады.
Қолжазбаның атауы
Құлназар мен Шегебай айтысы
Қолжазбаның жанры
Ақындар айтысы.
Қысқаша мазмұны
Еламан Ашықбайұлының бір қара ешкісі бөлініп, жоғалып кетеді. Ол адасып жүріп, Шегебай Бектасұлының ауылының маңына қосылады. Келесі жылы ешкі иесі іздеп келіп, Шегебайдың қорасынан көріп, ен-таңбасынан танып алады да, көптеген ешкілердің көзі жоқ деп, Шегебайды ұры қатарында айыптап, түгелдей қайтарып алады. Шегебаймен бұрын да сөзге келісіп жүрген Құлназар айтыста осы жайды пайдаланады. Бір-бірінің өміріндегі кемшіліктерін, бойындағы міндерін қоса айтады. Айтыс нұсқасы толық, он бір буынды қара өлең үлгісіне құрылған.
Қолжазбаның атауы
Орақ-Тағай
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Бұрынғы заманда Әли би мен Шаған би деген екі дәулетті адам болады. Әли бидің он сегіз ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады. Әли бидің кемпірі ұл тауып, атын Тағай қояды. Қалмақтың ханының жалғыз ұлы Орақ пен Тағайдың күресі туралы жырланады
Қолжазбаның атауы
Ораз молда
Қолжазбаның жанры
Хикаялық дастан
Қысқаша мазмұны
Ораз молда ақылды, білімді болған. Бағдат шаһарында тұрған. Бір қызға үйленеді, бірақ көңілінен шықпаған соң, қоя береді. Сонан соң төрт жастағы бір қыз баланы асырап алып, бір аралда бөлек сарай салдырып, сонда ешкімге көрсетпей өсіреді. Қызды Ораз некелеп алады.
Қолжазбаның атауы
Нұршұра
Қолжазбаның жанры
Діни дастан
Қысқаша мазмұны
Пайғамбар 60 жасқа келгенде: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали, Арыстан Құсайын мен Хасенді және барша халықты жинап, өзі өлген соң таққа Әбубәкір, содан соң Ғұмар отырсын деп өсиет айтады. Әбубәкір әділдікпен 40 күн патша болады. Ол дүниеден өткен соң, таққа Ғұмар отырады. Нұршұраның балалары мұсылман дінін қабылдағысы келмейді. Нарбозды қарындастарының көзінше өлтіреді. Екі қызды дарга асуға бұйырады. Қыздарды дарға асуга өкеле жатқанда, алдарынан Ғазірет Ғали кез болады. Ғазірет Ғали қыздарды алып, оларды ақылмен дінге кіруге көндіреді. Ғұсман Нажмыш пен Мұхаммедтің некесін қиып, еқеуін қосады. Шаһарбан көп жігіттердің ішінен Ғалидың ұлы Кұсайынға ғашық болып, екеуі қосылады.
Қолжазбаның атауы
Назымбектің қиссасы
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Қырымның атақты байы Жаныста бала болмапты. Ел ішіндегі өзара ұрыс, жанжалдың бірінде Жаныстар кісі өлтіріп кінәлі болады да, Орманбек ноғайлының жұртына, Асылбек хан атырабына көшеді. Осында келген соң Жаныстың әйелі де, Асылбектің әйеліде жүкті болады. Жаныс қызының атын Күлше, Асылбек ұлының атын Назымбек қояды. Екі бай құда болады. Бірақ, көп кешікпей Асылбек қайтыс болған соң, Жаныс «жетімге қыз бермеймін» деп уәдесінен айниды. Қырымға қайта көшеді. Бойжеткен Күлше Орманбеттен келген керуеннен Назымбекке сәлемдеме беріп жібереді. Қыз хабарын естіген, ғашықтықтан дертті Назымбек елімен ақылдасып қасына сайлап төрт жігіт ертіп, Қырымға аттанады. Жолда бұлар Күлшенің бір байдың ұлына ұзатылғалы жатқанын естиді. Ақырында Назымбек пен Күлше тілдеседі. Күлшені алғалы оіырған күйеуі ерікті, таңдауды қыздың өзіне береді. Назымбек пен Күлше армандарына жетеді.
Қолжазбаның атауы
Нарқыз
Қолжазбаның жанры
Ғашықтық жыр
Қысқаша мазмұны
Нарқыз бен Нияз Мәмбетті хандықтан түсіріп, ел билігін Бала би мен Шоқайға тапсырады. Сөйтіп, Нияз бен Нарқыз қосылып, мұратына жетеді.