Майлыбай кетенің бір ауылында той болады. Сол тойда Жаскілең мен Мұрат кездесіп айтысады. Тойбастарда өлең айтып, байраұ алу үшін таласады. Жаскілең: «Әр елдің аңғасы – әлім, оның ішінде ардақты – кете, жол – менікі. Байраққа тиген бір тайды мен алуға тиіспін», – дейді. Мұрат: «Әр елдің ағасы Әлім екені рас, біз де осал емеспіз. Қыс қоныс, жаз жайлаудан нашар, жерің тақыр», – деп кемсітеді. Сонымен қатар Кетенің ата-жөнін таратады. Өз руының артықшылығын, ата тегін дәріптейді. Егес өлең түріне жатады. Бір-ақ қайырым. 7-8 буынды жыр үлгісімен айтысқан.