∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Әсет пен Ырысжанның айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Әсет пен Ырысжанның айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ержанов Шерияздан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1949 ж., Шынжаң өлкесі, Шәуешек қаласы. 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында екінші рет көшірілген
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
194
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 1-21; Ж. 30 21X19; 18X15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды дәптер қағазына араб әрпімен, көк сиямен түсірілген
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Атақты Қоянды жәрмеңкесінде Хамит, Жапар деген байлар бір думан елге той жасайды. Тойға елдің игі жақсылары мен ақсақалдары жас ақын Әсетті (18 жасында) алып барып, арғын-найманға әйгілі ақын Ырысжан қызбен айтыстырады. «Әсет-Ырысжан» айтысының бір ерекшелігі-басқа ақындардай би-болыс, байларды, ру басшыларын асыра мақтаудан гөрі өздерінің ақындық-шешендік өнерлерін салыстырып, ой-өрістерін сынасады. Айтыс басында бірін-бірі кемітіп, жасытып, сүріндірмек болса да, екі жағы да берілген сұраққа іркілмей сөз тауып, қарымта қайырып отырады. Айтыс барысында Ырысжанның қойған төрт түрлі жұмбағын Әсет шешіп кетсе, айтыста «жеңген» деп есептеуге серт байлайды. осы шарт бойынша Ырысжан шариғат жайына, патша өкіметінің әкімшілік билеу тәртібіне (уез, би, болыс, елубасы), адамның дене құрылысына, табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ қояды. Әсет ақын өзінің зеректік, білгірлігімен ол орамалға түйіп, Әсет ақынға ұсынады. Айтыс он бір буынды қара өлең ұйқасына құрылған.
13. Басы:
Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен
14. Соңы:
Қолдасын бұрынғы өткен ата бабам
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова