Жаскілең өз руы әлімді мадақтайды. «Бізден Есеттей батыр туған. Оның ерлігі әзірет Әлиден кем емес. Әлібек пен Досайым батыр», – деп келеді. Нұрым да Адайдан Бекет батыр шыққанын айтып мақтанады. «Сәдуақас Нәбидің жомарттығы ешкімнен кем емес. Біздің адай – берекелі де батыр ел», – деп жырлайды. Жиналған жұрт онан әрі айтыстырмай тоқтатады. Айтыс 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған.