1882 жылы Шорманның Мұсасының асына үш жүздің жеті дуанының адамдары қатысады. Сонда Доскей мен Ажар сайысқа түсіп, Доскей бірден Ажардың соқырлығын мін етіп, бетіне басады. Жауап ойынан өзінің осал емес екенін білген Доскей бастырмалатын Ажардың шешен тілін бөгемекші болады. Ажар өзінің елінеде құрметі бар ақын екенін Доскейдің есіне салады. Топ алдында мінін айтқанына қатты налиды. Ақындық жағынан Ажар Доскейден кем түспейді. Ойлары асып түсіп отырады. Бірақ еразамат намысын қорламай, жеңілгендік ишаратын білдіріп, атшапан айыбын береді.