∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Әсеттің Сәмет төремен айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Әсеттің Сәмет төремен айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Балтабай Адамбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1958 ж., Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
214
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 3; Ж. 30 17X20; 11X16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шақпақ жолды дәптер қағазына көк сиямен қазіргі қазақ әрпінде жазылған. Қолжазба нұсқасы ақ қағазбен қапталып, тисті жөндеуден өткізілген
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Әсет ақын 1916 жылы Кәкімжан деген татар саудагерінің үйінде жатып, Жетісу өңірінде (Талдықорған маңында) аты шыққан Сәмет төреге хат арқылы өлең жазады. Мұны Сәмет төре естіп, Кәкімжанның үйінен бұл жазған өлеңді алып, екеуі хат арқылы айтысады. Әсет қазақ руларының төре-төреге бөлініп, ғылым-білімнен, өнер-өнегеден құр қалып, төре тұқымына ғана қызмет етумен, би-болыстарға жем болып жүргендігі, қазақ кедей шаруаларының көрген әділетсіздігі жайында айтады. Ал Сәмет төре Әсет ақынды: «Әйелге еріп жүрсің» деп қорлап, кемсітпек болады. Бірақ Әсет соңғы өлеңінде оған тойтара жауап береді.
13. Басы:
Қазағым қараңғыда өмір еткен, Еңбексіз әр нәрседен көңіл еткен
14. Соңы:
Сөзіңде рас болса майданға шық, Кәрі ағаң жүгірерлік бап етінде
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке бір қатардан орналасқан
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова