∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Бала Ораз бен Жібек қыздың айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Бала Ораз бен Жібек қыздың айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Білгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жұмашев Сәрсенғали
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1960 ж., Гурьев қаласы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
7. Шифры
366
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 15-44; Ж. 30; 16X21 13X11
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптер қағазына көкшіл сиямен қазіргі қазақ әрпінде түсірілген
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпімен
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Бала Ораз жас кезінде байға жалданып, Орынборға мал айдап жүріп, қасына ерген қырық қызы бар, күймелі арбамен серуендеп жүрген байдың қызы Жібекке (Зейнепке) кезігеді. Бала Ораз ат үстінде, қыз күймелі арба үстінде өлеңмен танысып, өлеңмен әзілдесе қағысады. Бірақ жеңісе алмайды. Бала Ораз кейіннен қыздың аулына барып айтыспақ болса да қасына ерген Шолақ деген ақсақал разылық бермейді. Сонда да Бала Ораз қыздың аулына барып, атынан түспестен айтысты бастайды. Жігіт сыртта, қыз үйде ұзақ айтысады. Қыз жеті рудың елін мақтап, он екі ата Байұлының еліне де, ерін де даттайды. Бір мезгілде ауылда болып жатқан той иесі, әрі сол тама руының атақты байы, әрі ел билеушісі Әбіт сыртта тұрған Бала Оразды үйге шақыртып алады. Бала Ораз үйге кірген соң өзінің бұл тойда жалғыз екенін, атының басынан тартатынын, өз елінің адамдарынан ешкімнің жоқтығын айтып, айтысқа әділ төртелік етуін тілеп, бірнеше өлең шумақтарын түйдек-түйдегімен тастайды да, қызбен айтыса жөнеледі. Айтыстың бір ретінде Әбіт қызды тоқтатып, Бала Ораз бен қасына ерген жолдасына апан жауып, ат байлайды. Бала Ораз айтысты тоқтатып, «Той тарқарын» айтып, абыроймен өз еліне оралады.
13. Басы:
Мен хат жаздым, сәлем айттым Байұліна-ай, Байұлы қайта қонсын Ойылына-ай
14. Соңы:
Сонда бала той тарқағанша айтысыпты,-дейді
15. Қосымша мәлімет
44-бетте жол арасына жазылған қосымша өлең жолдары бар
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова