∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Әжінияз бен Меңештің айтысы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Әжінияз бен Меңештің айтысы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жаңабай Сапаров
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1962 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған Қарақалпақ экспедициясы
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
484
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б. 22; Ж. 32 30X21; 27X13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Сарғыш жолсыз қағазға көк сиямен қазіргі қазақ әрпінде жазылған. Қолжазба арнайы ақ папкаға салынған, түптелген
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Айтыс
12. Қысқаша мазмұны
Әжінияз ақын жасы қырыққа келгенде қазақ елін аралап жүріп, Меңеш деген қызбен танысады. Айтыс үш тауға бөлінген: 1-бөлімде жолаушы келе жатқан Әжінияз ақын су жағасында жүрген Меңеш қызбен айтысады; 2-бөлімде Әжінияз бен Меңеш қыз тойда кездеседі; 3-бөлімде Әжінияз ақын Меңеш қыздың үйіне қонақ болып келгенде айтысады. Айтыс дәстүрлі қыз бен жігіт айтысына жатады. Олар бірін-бірі сынайды. Әжінияз ақын Меңеш қыздың басында бір қайғы бар екенін байқап қалады. Қыздың әдептілігіне, сұлулығына таңданады. Рұқсат етсең өз еліме, Қарақалпақ жеріне алып кетейін дейді. Бірақ та қыз Әжіниязға келісімін бермейді. Сонда да Әжінияз өзінің құмарлығын, ғашықтығын айта береді. Қыз Меңеш әдептен шықпайды. Ақырында Әжінияз ақын аға ретінде қызға бата береді. Айтыс үстінде қыз Меңеш Қарақалпақ хылқының кейбір әдет-ғұрыптарын Әжінияздан сұрастырады. Әжінияз түсінікті жауап береді. Жалпы айтыс туысқан, көршілес екі халықтың тату-тәтті қарым-қатынасын бейнелейді.
13. Басы:
Кездейсоқ жау келгенде тартынбаған, Көлдегі үйрек-қаздай қаңқылдаған
14. Соңы:
Айбаты артсын ұл мен қыздарыңның, Баһадүр бірі мыңға тартар болсын!
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары бір бетке бір қатардан жазылған
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Елмира Сманова