∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының қысқа сипаттамасы

Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Орынбор қазақтары арасында кең таралған сыңсу. Мәтінде жергілікті сөздер (мысалы: «шәйкиіз», «қызыл шарқат») көптеп кездеседі. Бойжеткен туған-туыс, ата-ана, бауырларымен жеке-жеке қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда ұзатылғалы тұрған қыз сөзін жеңгесіне арнап қоштасады. Сыңсудың көпшілігінде қыз анасына не ауырына келіп-кетіп жүргейсің десе, бұл сыңсуда қыз жеңгесінің келуін сұрайды. Тек ең соңғы шумағында бауырымен қоштасады. Мазмұнынан қыздың малға сатылып, өз еркімен кетпегені байқалады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Қысқа 3 шумақтан тұратын мәтінде қыздың жатжұрттық екендігі, еркелеп өскен ерке қыздың назы айтылады. Кейінгі жылдарда жазылып алынған мәтін болғандықтан, бірнеше шумағы ұмытылып қалған болуы керек.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсу басы қара сөзбен ертедегі қыздардың сүйгеніне қосыла алмайтыны туралы, сонда зорлықпен кетіп бара жатқан олар өз тағдырына налып, сыңсу айтатыны туралы айтылған. Сыңсу мазмұнында қыз тек ағасына ғана өкпесін білдіріп, ел-жұртымен тұтас қоштасады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсуда да өз еркімен ұзатылмағаны айқын аңғарылады. Қыз бірінші әкесімен қоштасып, ұл бала жаратылмағанына ашынады. Әкесінен кейін әпкесімен қош айтысып, одан кейін туған жұртын бауырына аманаттайды. Өзінің анасын атап қоштаспағанымен, туған жұртындағы шешелеріне сөзін арнайды. Сосын қайта бауырына, сосын әкесіне сөзін арнап, өзін жат жұртқа тірідей бере салғанына, мойнына құрық салғанына өкпесін жеткізеді.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Бұл сыңсу мазмұнынан басқа өңірдің халқынынан жазып алған сыңсудың жолдары да бар. Қыздың ағасына деген назы анық байқалады. Туған жұртымен қимай-қимай қоштасады. Бірақ сыңсудың соңғы жолынан қыздың не айтқысы келгенін түсіне алмайсың. Сыңсуда ұзатылып бала жатқан қыз ойын соңына дейін аяқтай алмағандай.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Мәтінде қыз өзінің теңдігі жоқ екенін айтып, анадан бірге туғанмен бірге ешқашан жүре алмайтынына ренішін, назын білдіреді. Ең бірінші ағасымен, содан кейін туған жұртымен, шешелерімен, әкесімен, анасымен, жеңгесіне сөзін арнап айтады. Сыңсу соңында анасы да қызына жауап қатады.
Қолжазбаның атауы
Сыңсу
Қолжазбаның жанры
Тұрмыс-салт
Қысқаша мазмұны
Сыңсу мазмұнынан қыздың тым алысқа ұзатылып бара жатқаны аңғарылады. Қыз аулының басқа қонысқа көшіп бара жатқаны да айтылған. Қыз басында теңдігі жоқ өзін «мұңдық» сезінеді. Әуелі анасымен, сосын жеңгесімен және әкесімен, аға-бауырларымен қош айтысады. Әкесіне еркелеп-ақ өскенін де сөзге қосады. Өзін керегі жоқ затқа да теңейді. «Жылама» деп жұбатқанмен де, басындағы жайдың жылатпай қоймайтынын айтады. Сыңсудың соңғы шумағында басына сәукеле кигеннен кейін, өмірінің басқа кезеңі басталғанын да қосады.